Дәрілік заттың қолданылуы жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық Ципрофлоксацин-Промед (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 1 қазандағы № 168 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармация комитеті Төрағасының

2007 жылғы 1 қазандағы

№ 168 бұйрығымен

Бекітілген

 

Дәрілік заттың қолданылуы жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Ципрофлоксацин-Промед

 

Саудалық атауы

Ципрофлоксацин-Промед

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ципрофлоксацин

 

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 250 мг, 500 мг таблеткалар

 

Құрамы

250 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 250 мг ципрофлоксацинге барабар ципрофлоксацин гидрохлориді,

қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, тальк, натрий крахмалы гликолаты, коллоидты кремний қос тотығы,

қабықтың құрамы: гипромеллоза, титан қос тотығы, полиэтиленгликоль 400.

500 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 500 мг ципрофлоксацинге барабар ципрофлоксацин гидрохлориді,

қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, тальк, натрий крахмалы гликолаты, коллоидты кремний қос тотығы,

қабықтың құрамы: гипромеллоза, титан қос тотығы, полиэтиленгликоль 400, Сансет сары лакты бояғыш зат бар

 

Сипаттамасы

250 мг таблеткалар, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған, дөңгелек, екі жағы дөңес. Сындырған кездегі көрінісі - сарғыш реңді  ақ масса

500 мг таблеткалар, қызғылт сары түсті қабықпен қапталған, дөңгелек, екі жағы дөңес. Сындырған кездегі көрінісі - сарғыш реңді  ақ масса

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияға қарсы препараттар - хинолон туындылары. Фторхинолондар.

АТЖ коды  JО1МА02

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішіп қабылдаған кезде асқазан-ішек жолынан тез сіңеді (көбінесе ұлтабарда және аш ішекте). Биожетімділігі - 50-85%. 250, 500, 750 және 1000 мг ішкен кезде (тамақтануға дейін) дені сау адамдарда препараттың қан сарысуындағы ең жоғары қанығу деңгейіне 1-1,5 сағаттан соң жетеді және  тиісінше, 0,76; 1,6; 2,5 және 3,4 мкг/мл құрайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.