Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 Қаулысы
(2026.01.07. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңыңың 18-1-бабы 3-тармағының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Саяси партияларды қаржыландыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы саяси партияларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлуді көздейтін Республикалық бюджет туралы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 166/314 қаулысымен
бекітілген
Саяси партияларды қаржыландыру
ережесі
1. Осы Ереже «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңы негізінде әзірленді және саяси партияларды қаржыландыру тәртібін айқындайды.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026.30.06. № 23/37 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бюджет қаражаты жыл сайын Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының соңғы сайлауы (бұдан әрі - сайлау) қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Құрылтайында өкілдік ететін саяси партияларға бөлінеді.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026.30.06. № 23/37 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) сайлау нәтижелерін анықтағаннан кейін бес күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Құрылтайында өкілдік ететін саяси партиялар, және олар алған сайлаушылар дауысы туралы мәліметтерді әкімшіге жібереді.