Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Хаврикс™ (А гепатитіне қарсы белсенділігі төмен вакцина) (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалык бақылау Комитеті Төрағасының 2009 жылғы 3 ақпандағы № 44 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармацевтикалык бақылау

Комитеті Төрағасының

2009 жылғы 3 ақпандағы

№ 44 бұйрығымен

Бекітілген

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Хаврикс™
(А гепатитіне қарсы белсенділігі төмен вакцина)

 

Саудалық атауы

Хаврикс ™ 720 балаларға

Хаврикс ™ 1440 ересектерге

(А гепатитіне қарсы белсенділігі төмен вакцина)

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 0,5 мл суспензия. Алдын ала инесі бар шприцте немесе құтыда 720 ЕД ELISA балаларға 1 доза.

Инъекцияға арналған 1,0 мл суспензия. Алдын ала инесі бар шприцте немесе құтыда 1440 ЕД ELISA ересектерге 1 доза.

 

Құрамы

Балалардың 0,5 мл екпе 1дозасының құрамында

белсенді зат- 720 ЕД ELISA А гепатитінің белсендігі төмен вирусы (НМ 175 штаммы)

қосымша заттар: 0,25 мг алюминий гидроксиді, 1,50 мг инъекцияға арналған аминқышқылдары, 0,575 мг динатрий фосфаты, 0,10 мг калий фосфаты, 4,50 мг натрий хлориді, 0,115 мг калий хлориді, 0,025 мг полисорбат 20, 0,5 мл-ге дейін инъекцияға арналған су.

Ересектердің 1,0 мл екпе 1дозасының құрамында

белсенді зат- 1440 ЕД ELISA А гепатитінің белсендігі төмен вирусы (НМ 175 штаммы),

қосымша заттар: 0,5 мг алюминий гидроксиді, 3,0 мг инъекцияға арналған аминқышқылдары, 1,15 мг динатрий фосфаты, 0,20 мг калий фосфаты, 9,0 мг натрий хлориді, 0,23 мг калий хлориді, 0,5 мг полисорбат 20, 1,0 мл-ге дейін инъекцияға арналған су.

 

Сипаттамасы

Түссіз, аздап бозаңданған сұйықтық, тұндырғанда 2 қабатқа бөлінеді. Жоғарғы - түссіз мөлдір сұйықтық; төменгі - сілкігенде оңай араласатын гель тәрізді ақ тұнба.

 

Фармакотерапиялық тобы

А гепатитін алдын алуға арналған вакцина.  

АТЖ коды J07BC02

 

Фармакологиялық қасиеттері

Хаврикс™ A гепатитінің алдын алуға арналған вакцина. Препарат  құрамында алюминий гидроксидіне сіңген А гепатитінің белсенділігі формальдегид арқылы төмендеген вирусы (А гепатиті вирусының НМ 175 штаммы), тазартылған стерильді суспензиясы болып табылады.

Вирус адамның MRC5 диплоидты жасушаларында өсірілген. Вирусты ыдыратудың алдында жасушалар өсінді ортаның аралық  компоненттерін  жою үшін белсенді түрде шайылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.