Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармацевтикалық бақылау
комитеті Төрағасының
2008 жылғы 3 қарашадағы
№ 270 бұйрығымен
Бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Хлорофиллипт
Саудалық атауы
Хлорофиллипт
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
10 мг/мл, 100 мл спирт ерітіндісі
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 100% құрғақ затқа шаққанда хлорофиллипттің құрғақ сығындысы 1 г,
қосымша заттар - 96% спирт ерітіндісі 100 мл-ге дейін
Сипаттамасы
Қоңыр-жасыл түсті сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Басқадай антисептиктер және залалсыздандырғыш препараттар
АТЖ коды D08AX10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Зерттелген жоқ
Фармакодинамикасы
Хлорофиллипттің құрамында эвкалипт жапырақтарында болатын хлорофилдер қоспасы бар.
Препараттың стафилококтарға, оның ішінде антибиотиктерге төзімді штамдарға қатысты антибактериялық белсенділігі, қабынуға қарсы белсенділігі бар, иммунды жүйені жақсартады.
Жергілікті қолданған кезде зақымданған тіндердің қайта түлеуіне мүмкіндік береді.
Қолданылуы
Стафилококтардың антибиотикке төзімді штамдарынан пайда болған ауруларда
- күйік ауруларында
- трофикалық ойық жараларда
- септикалық жағдайларда, оның ішінде операциядан кейінгі, босанғаннан кейінгі жағдайларда (жиынтық ем құрамында)
- асқазан-ішек жолының жұқпалы ауруларында, оның ішінде ішекте стафилококтарды тасымалдауында
- жатыр мойнының эрозиясында.
Қолдану тәсілдері және дозасы
Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға
Ішекте стафилококтарды тасымалдаған кезде және операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін күн сайын күніне 3 рет Хлорофиллиптті тамақтанудан 40 минут бұрын ішке қабылдайды (Хлорофиллипттің 1% спирттік ерітіндісінің 5 мл-ін 30 мл суда сұйылтады).
Ішекте стафилококтарды тасымалдауды емдеген кезде Хлорофиллиптті клизма жасауға тағайындайды (1% спирттік ерітіндісінің 20 мл-ін 1 л суда сұйылтады - бұл бір клизмаға арналған доза). Емшараны әрбір екі күн сайын 1 рет жасайды. Емделу курсы - 10 емшара.