«Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 22 қазандағы № 555 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 550 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2008 жылғы 22 қазандағы

№ 555 бұйрығымен бекітілген

 

 

«Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) ұйымдастырылған балалар ұжымын тасымалдау кезінде жолаушылар вагондарына, вагон-мейрамханаларға және вокзалдарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан тұрады.

2. Осы санитарлық ережеде келесі терминдер және анықтамалар пайдаланылды:

1) ұйымдастырылған балалар ұжымы - ересектер және медициналық қызметкерлердің алып жүруімен, бір вагонда, поезда бір бағыт бойынша темір жол көлігімен жүретін, жасы 6-дан бастап 18-ге дейінгі құрамы кемінде 10 баладан тұратын ұжым;

2) балалар тасымалдауды ұйымдастырушылар - заңды және жеке адамдар.

 

 

2. Ұйымдастырылған балалар ұжымын тасымалдау жағдайларына қойылатын

санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

 

3. Ұйымдастырылған балалар ұжымын тасымалдау үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3812 болып тіркелген «Темір жол көлігі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 358 бұйрығымен (бұдан әрі - № 358 бұйрық) бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларға сәйкес жолаушылар вагоны бөлінеді.

4. Бір тәуліктен артық жол жүру ұзақтығы кезінде жолаушы поезының схемасына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2987 болып тіркелген «Темір жол көлігі объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 24 шілдегі бекітілген № 496 бұйрыққа (бұдан әрі - № 496) сәйкес вагон-мейрамхана енеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.