Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық «Ферровит-С» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Фармацевтикалық бақылау бақылау Төрағасының 2008 жылғы 24 қарашадағы № 293 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау Министрлігі

Фармацевтикалық бақылау

бақылау Төрағасының

2008 жылғы 24 қарашадағы

№ 293 бұйрығымен

Бекітілген

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Ферровит-С

 

Саудалық атауы

Ферровит - С

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

25 мл  тамшы  

 

Құрамы

25 мл  ерітіндінің құрамында:

белсенді зат  -    темір (II) 0,2370 г

                  (гептагидрат сульфаты  ретінде 1,180 г),

қосымша заттар:  сорбитол 3,750г, аскорбин қышқылы 0,200 г, тағамдық хошиістендіргіш    0,0625 г,  тазартылған су 25 мл-ге дейін.

 

Сипаттамасы

Арнайы хош иісі бар жасылдау немесе сарғыш-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық. 

 

Фармакотерапиялық тобы

Гемопоэзды ынталандырғыш. Ішу арқылы қабылданатын темір (екі валентті)  препараты .

АТЖ коды   B03AА07

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан толықтай дерлік түрде қан ағысына түседі.  Препаратты қабылдағаннан кейін темірдің қансарысуындағы ең жоғарғы қанығу деңгейіне алғашқы 2-4 сағат ішінде жетеді. 

Фармакодинамикасы

Анемияға қарсы  препарат. Темір организмнің өмір сүруіне керекті зат: ол  гемоглобиннің, миоглобиннің және көптген ферменттердің құрамына кіреді.   Оттегімен қайтымды түрде байланысады; ол тотығу және қалпына келтіру реакцияларына қатысады; эритропоэзді жандандырады.

Темір сульфаты организмдегі темір тапшылығын жояды.  Аскорбин қышқылы асқазан- ішек жолынан  темірдің сіңуін жақсартады.

 

 Қолданылуы

-   әр түрлі этиологиядағы темір тапшылығынан болған  анемияда  (организмге тамақпен бірге темір аз түскенде,   организмнің темірге деген  қажеттілігі артқанда, ұзақ уақыт бойы қан кеткенде)

-  В12-тапшылығы орын алған  анемияда (кешенді емнің құрамында)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.