Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрлігі
Фармацевтикалық бақылау
комитеті Төрағасының
2009 жылғы 19 тамыздағы
№ 263 бұйрығымен
бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Флюдитек
Флюдитек
Құрамы
100 мл шәрбаттың құрамында
белсенді зат - карбоцистеин 5,0г;
қосымша заттар: глицерин, метилпарагидроксибензоаты, сахароза, патенттелген көк бояуы, сары-қызыл S бояуы, натрий гидрототығы, карамель хошиістендіргіші, тазартылған су.
Сипаттамасы
Фармакотерапевтикалық тобы
Муколитиктер
АТЖ коды R05СВ03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Карбоцистеин асқазан-ішек жолдарынан тез және түгелдей сіңеді. Биотиімділігі бауырдан «бірінші өтуң нәтижесінде төмен (қабылдаған дозаның 10%-нан кем) Ішке қабылдағаннан кейін, қан сары суында және тыныс алу жолдарының сілемейлі қабатында 2-3 сағаттан кейін максимальді концентрациясына жетеді. Терапевтикалық концентрация сілемейлі қабатта 8 сағат аралығында сақталады. Жоғарғы дәрежеде бронх секретінде (қабылданған дозаның 17,5%-ы), қанда, бауырда және орталық құлақта жиналады.
Бауырда метаболизге ұшырайды.
Бүйрек арқылы шығарылады (60-90%-ы өзгермеген қалыпта, қалғаны - метаболит түрінде). Жартылай шығарылу уақыты Т1/2 - 2-3,15 сағат. Түгелдей 3 тәуліктен кейін шығарылады.
Фармакодинамикасы