Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық «Фолий Қышқылы» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 288 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау Министрлігі

Фармацевтикалық бақылау

комитеті Төрағасының

2009 жылғы 18 қыркүйектегі

№ 288 бұйрығымен

бекітілген

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Фолий Қышқылы

 

Саудалық атауы

Фолий қышқылы

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фолий қышқылы

 

Дәрілік түрі

1 мг таблеткалар

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 1 мг фолий қышқылы

қосымша заттар: лактоза, микрокристалдық целлюлоза, аэросил (кремнийдің қос тотығы), крахмал, магний немесе кальций стеараты.

 

Сипаттамасы

Бозғылт-сарыдан сары түске дейінгі  дөңгелек таблеткалар

 

Фармакотерапиялық тобы

Анемияға қарсы препараттар. Фолий қышқылы және оның туындылары.

АТЖ коды В03ВВ01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін фолий қышқылы асқазанда ерекше гликопротеинмен қосыла отырып, он екі елі ішектің  жоғарғы бөлігінде сіңеді.  Плазма ақуыздарымен толық байланысады. Ең жоғарғы қандағы қанығу деңгейі 30-60 минуттан кейін жетеді. Гемато-энцефаликалық бөгеттен, плацентадан және емшек сүтіне өтеді. Бауырда дигидрофолатредуктаза ферментінің әсер етуімен, тетрагидрофолий қышқылына айнала отырып, белсенділенеді. Өзгермеген түрде және метаболиттер түрінде бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.