«Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 25 «Орал қаласы бойынша 2009 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 шілдедегі № 1677 қаулысы

Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 25 «Орал қаласы бойынша 2009 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 шілдедегі № 1677 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласы бойынша 2009 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 25 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-127 тіркелген, 2009 жылы 5 ақпандағы «Жайық үні» газетінде жарияланған), Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 415 «Орал қаласы бойынша 2009 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-132 тіркелген, 2009 жылы 11 наурызда «Жайық үні» газетінің № 12 жарияланған), Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 1268 «Орал қаласы бойынша 2009 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-141 тіркелген, 2009 жылы 11 маусымда «Жайық үні» газетінің № 24 жарияланған) қаулылармен енгізілген толықтыруларды ескере отырып, қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 1 қосымша осы қаулыға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген 3 қосымша осы қаулыға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.