Дәрілік заттарды қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық Тавегилт (Tavegylт) (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 18 маусымдағы № 101 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау Министрлігі Фармация

комитеті Төрағасының

2007 жылғы 18 маусымдағы

№ 101 бұйрығымен

бекітілген

 

Дәрілік заттарды қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Тавегилт (Tavegylт)

 

Саудалық атауы

ТАВЕГИЛТ

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клемастин

 

Дәрілік түрі

Көктамырішіне және бұлшықетішіне енгізуге арналған ерітінді, 2 мл

 

Құрамы

2 мл ерітінді құрамында

белсенді зат - 2.68 мг клемастин гидрофумараты (2 мг клемастин),

қосымша заттар: сорбитол, этанол, пропиленгликоль, натрий цитраты, инъекцияға арналған су.

 

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе өте бозғылт-сары немесе өте бозғылт-жасылтым-сары ерітінді

 

Фармакотерапиялық  тобы

Жүйелі әсер ететін антигистаминдік дәрілер.

Аминоалкильді эфирлер

АТЖ коды  R06AA04

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Плазма ақуыздарымен байланысы 95 % құрады.

Лактация кезеңінде клематстиннің аздаған мөлшері омырау сүтіне өтуі мүмкін.

Клемастин бауырда елеулі метаболизмге ұшырайды. Метаболиттер негізінен (45-65 %) несеппен бүйрек арқылы шығарылады; өзгермеген белсенді зат несепте  тек ізі ғана білінеді.

 

Фармакодинамикасы

Тавегил® Н1-рецепторларының антагонисті болып табылады.  

Бензгидрильдік эфирлер тобындағы антигистаминдік дәрілерге жатады, қылтамырлардың өткізгіштігін азайтады, жылдам басталатын және әсерінің елеулі ұзақтығымен сипатталатын аллергияға және қышымаға қарсы әсер етеді.

 

Қолданылуы

- аллергиялық және жалған аллергиялық реакциялардың алдын алу және емдеу (сонымен қатар қайшылас заттарды енгізгенде, қан құюда, гистаминді диагностикалық қолданғанда)

- ангионевротикалық ісіну

- анафилактикалық немесе анафилактоидтық шок (қосмыша заттар ретінде).

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге: орташа доза 2 мг (2 мл) құрайды, 1 ампуладағысы. Препаратты көктамырішіне немесе бұлшықетішіне енгізеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.