Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1705 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылғы 10 маусымда Минск қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.