Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № А-3/134 қаулысы
(2009.07.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген жекешелендіруге жататын коммуналдық мемлекеттік меншік нысандарының тізбесі бекітілсін.
Ақмола облысы әкімдігінің 2009.07.07. № А-8/285 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша жекешелендіруді жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2008.08.07. № А-5/288 (бұр. ред. қара); 2008.22.08. № А-6/360 (бұр. ред. қара); 2009.02.04. № А-4/145 (бұр.ред.қара); 2009.07.07. № А-8/285 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 17 сәуірдегі
№ а-3/134 қаулысымен
бекітілген
Жекешелендіруге жататын коммуналдық
меншік нысандарының
ТІЗБЕСІ
| № р/с | Нысанның атауы | Орналасқан орны | Баланс ұстаушы | |
| 1 | 1987 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С 081 КS, ГАЗ-2410 автомашинасы | Степногорск қ., Шаңтөбе к., 1 мөлтек-ауданы, 21 | «Шаңтөбе кенттік округі әкімінің аппараты» ММ | |
| 2 | Ақмола облысы әкімдігінің 2008.22.08. № А-6/360 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) | |||
| 3 | Ақмола облысы әкімдігінің 2008.22.08. № А-6/360 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) | |||
| 4 | 1992 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С 044 КD, ПАЗ-3205 автомашинасы | Степногорск қ., «Орбита» профилакториясының қалалық өнеркәсіп аумағы | «Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп интернаты» ММ | |