Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық «Никотин Қышқылы-Дарница» (nicotinic Acid-Darnitsa) (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 6 қазандағы № 244 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармацевтикалық бақылау

комитеті Төрағасының

2008 жылғы 6 қазандағы

№ 244 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Никотин Қышқылы-Дарница
(nicotinic Acid-Darnitsa)

 

Саудалық атауы 

Никотин қышқылы-Дарница

 

Халықаралық  патенттелмеген атауы

Никотин қышқылы 

 

Дәрілік түрі   

Инъекцияға арналған  1 % ерітінді

 

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат  - 10 мг никотин қышқылы

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, инъекцияға арналған су. 

 

Сипаттамасы

Мөлдір, түсіз сұйықтық   

 

Фармакотерапиялық тобы   

Шеткергі тамыр кеңейткіштер.  Никотин қышқылы және олардың туындылары.

АТЖ коды C04AC01.

 

Фармакологиялық қасиеттері   

Фармакокинетикасы

Никотин қышқылы-Дарница парентеральді қолданғанда енгізген орыннан жылдам сіңеді. Барлық ағзалар мен тіндерге тегіс таралады.  Негізінен метилирлену арқылы, аз дәрежеде конъюгация жолымен белсенсізденеді.  Биотрансформация өнімдері несеппен шығарылады. Никотин қышқылы  организмге көптептүсетін болса, несепте белсенді түрде  пайда болуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Никотин қышқылы (РР витамині) өз бетінше немесе амид түрінде I кодегидраза (дифосфопиридиннуклеотид - НАД)  және II кодегидраза (трифосфопиридиннуклеотид- НАДФ) ферменттерінің простетикалық тобы болып табылады, олар тотығу-қалпына келтіру реакцияларында сутегін тасымалдауды, сондай-ақ фосфат  тасымалдауын жүзеге асырады. 

Зат алмасуға, тіндердің тыныстауына, синтез үдерістеріне қатыса отырып никотин қышқыл қандағы липопротеидтердің және триглицеридтердің құрамын қалпына келтіреді.

Преартериолалар және артериолалар (оның ішінде  мидың) деңгейінде тамыр кеңейткіш әсер етеді, осылайша микроциркуляцияны жақсартады.

Әлсіз антикоагулянтты әсері бар (қанның фибринолитикалық белсендігін арттырад), уытсыздандыратын қасиеті бар. 

РР витамині тапшылығын  жояды,  аллергияға қарсы арнайы дәрі.   

 

Қолданылуы      

- пеллаграда (PP витаминінің авитаминозында)

- ми қан айналымының  ишемиялық бұзылуларында

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.