Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық «Нироцеф-125™» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 6 қарашадағы № 195 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармация комитеті Төрағасының

2007 жылғы 6 қарашадағы

№ 195 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Нироцеф-125™

 

Саудалық атауы

Нироцеф-125™

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цефдинир

 

Дәрілік түрі

Ішілетін суспензия әзірлеуге арналған ұнтақ, 125 мг/5 мл

 

Құрамы

5 мл әзірленген суспензияның құрамында

белсенді зат - 125 мг цефдинир,

қосымша заттар: сахароза, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, натрий бензоаты, коллоидты сусыз кремний, ксантан камеді, натрий-карбоксиметилцеллюлоза, құлпынай хош иістендіргіш заты, магний стеараты, күрең қызыл бояғыш заты.

 

Сипаттамасы

Ақ түсті дерлік, сусымалы ұнтақ, 30 мл-ге дейінгі суда еріткеннен кейін қызғылт түсті хош иісті суспензия алынады.

 

Фармакотерапиялық тобы

Микробқа қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар. Басқа бета-лактамды антибиотиктер. Үшінші буындағы цефалоспориндер.

АТЖ коды  J01DD15

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі: цефдинир ең жоғары қанығу деңгейіне оны ішке қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан соң жетеді. Цефдинирдің плазмалық қанығу деңгейі дозаны арттырған кезде жоғарылайды, бірақ 300 мг-нан бастап (7 мг/кг) 600 мг-ға дейін (14 мг/кг) қанығу деңгейі дозаны арттыруға аз пропорционал. Цефдинир суспензиясының толық биожетімділігі 25%-ды құрайды. Цефдинир суспензиясының биожетімділігі капсулаларымен салыстырғанда 120%-ды құрайды. Цефдинирді ас қабылдауға қарамай-ақ қабылдай беруге болады.

Таралуы: цефдинирдің ересектерде таралуының орташа көлемі - шамамен 0,35 л/кг; балаларда (6 айлықтан 12 жасқа дейін) - шамамен 0,67 л/кг. Цефдинир плазма ақуыздарымен 60-70% байланысады, байланысу препарат концентрациясына байланысты емес. Препарат тері күлбіреуіктерінің сұйықтығына, бадамша без, синус, өкпе тіндеріне және ортаңғы құлаққа жақсы таралады. Цефдинирдің жұлын сұйықтығына енуі туралы деректер жоқ.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.