Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 540 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |