Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық «Офлоксацин» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 3 наурыздағы № 85 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармацевтикалық бақылау

комитеті Төрағасының

2009 жылғы 3 наурыздағы

№ 85 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Офлоксацин

 

Саудалық атауы

Офлоксацин

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Офлоксацин

 

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 2 мг/мл ерітінді (0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде)

 

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 2 мг офлоксацин,

қосымша заттар: натрий хлориді - 9 мг, инъекцияға арналған су - 1 мл-ге дейін.

 

Сипаттамасы

Ашық-сары түсті мөлдір ерітінді

 

Фармакотерапиялық тобы

Микробқа қарсы дәрі, фторхинолон.

АТЖ коды  J01MA01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейінгі сіңуі тез және толық -  95%. Биожетімділігі  -  96% -дан жоғары.

200 мг офлоксацинді бір реттік 60 минуттық инфузиядан кейін орташа ең жоғары плазмалық қанығу деңгейі 2,7 мг/мл құрайды; енгізгеннен кейін 12  сағаттан соң қанығу деңгейі 0,3 мкг/мл-ге теңеледі.

Орташа ең жоғары шектегі және өте төмен тепе-тең қанығу деңгейіне 200 мг офлоксацинді 7 күн бойы әрбір 12 сағат сайын көктамыр ішіне енгізгеннен кейін жетеді және, тиісінше, 2,9 және 0,5 мкг/мл-ді құрайды.

Офлоксацин организмнің көптеген сұйықтығына және тіндеріне, оның ішінде сілекейге, бронх секретіне, өтке, көз жасы мен жұлын сұйықтығына, іріңге, өкпелерге. Қуық асты безіне, теріге кеңінен енеді. Офлоксацин бауырда ішінара метаболизмге (5%) ұшырайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 20-25%-ды құрайды. Офлоксациннің жартылай шығарылу кезеңі 6-7 сағатқа тең. Ішке қабылданған препараттың 80% -на дейіні өзгермеген күйінде бүйректер арқылы шығарылады, белсенді заттың аздаған бөлігі де нәжіспен бірге шығарылады. Гемодиализ кезінде препараттың 10-30% -ы жоғалады.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде (креатинин клиренсі 50 мл және одан кем), офлоксациннің жартылай шығарылу кезеңі артады.

Фармакодинамикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.