«Қазақстандық ипотекалық компания» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің шарттарын айқындау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы № 402 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1295 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстандық ипотекалық компания» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) кредит берудің мынадай шарттары айқындалсын:
1) кредит мөлшері 12000000000 (он екі миллиард) теңгені құрайды (бұдан әрі - кредит);
2) кредит берудің мақсаты қарыз алушының екінші деңгейдегі банктер берген, қарыз алушының талаптарына сәйкес келетін ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алуы үшін облигациялар шығару кезінде қорландыру құнын төмендету болып табылады;
3) кредит қарыз алушыға жылдық 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызға тең сыйақы ставкасы бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге мерзімдік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында теңгемен беріледі;
4) игеру кезеңі кредитті қарыз алушының шотына аударған күнінен бастап 2 (екі) жылдан аспайды;
5) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген кредит мерзімі аяқталғаннан кейін біржолғы жүзеге асырады;