(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.12.07 № 722 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілік нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі № 722 Қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 4 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілік нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:

1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім-кешек кию ережесін әзірлесін және бекітсін;

2) жаңа нысанды және арнайы киім-кешекпен жабдықтауға көшуді көрсетілген заттай мүліктің қолда бар қоры толық пайдаланылуын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырсын.

3. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын, ішкі әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің нормалары және тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53қбү қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 4-қосымшадағы № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12 нормалар алынып тасталсын.

4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының нысанды киім-кешектің жаңа үлгілеріне көшуі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 15 қарашадағы № 1390  қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 15 қарашадағы № 1390 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 43  қаулысы;

3) «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі аға, орта және кіші басшы құрамының погондары бар нысанды киімі (киім-кешегі) туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 6 қазандағы № 1028  қаулысы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.