Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық «Пертуссин - К» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 3 қарашадағы № 335 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармацевтикалық бақылау

комитеті Төрағасының

2009 жылғы 3 қарашадағы

№ 335 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Пертуссин - К

 

Саудалық  атауы

Пертуссин-К

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Шәрбат

 

Құрамы

100 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар:  сұйық жебіршөп сығындысы 12,0 г

  

қосымша заттар: калий бромиді, қант шәрбаты, 80% этил спирті

 

Сипаттамасы

Қара-қоңыр түсті  хош  иісті және тәтті дәмі бар сұйықтық.

 

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар қоспасы.

ATЖ коды R05CA10

 

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес біріктірілген препарат. Жебіршөп шөбі қақырық түсіретін әсер етеді, жоғары тыныс жолдарының шырышты қабығы бөлетін сөлініс мөлшерін арттырып, қақырықты сұйылтады және оның шығарылуын тездетеді.

Препараттың фармакологиялық белсенділігі негізгі компоненттері тимол және корвакрол болып табылатын тимьян эфир майынан туындаған. Калий бромиді орталық жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетеді.

 

Қолданылуы

-          трахеитте

-          бронхитте

-          көкжөтелде

 

Қолдану тәсілі және дозасы

Ересектерге  1 ас қасықпен  күніне 3 рет ішке қабылдайды.  Емдеу курсы 5-7 күн.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.