Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын __________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________атынан
(Тапсырыс берушінің толық атауы)
____________________________________________________________________________________________________негізінде әрекет ететін
_______________________________________________________________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын_______________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________атынан
(меншік нысанына қарамастан, әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
____________________________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(Жарғы, Ереже және т.б.)
_______________________________________________________________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес төмендегілер туралы осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттық нысанасы
1.1. Осы Шарттың 1-қосымшасына сәйкес медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша Тапсырыс беруші тапсырма береді, ал Өнім беруші тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтер (бұдан әрі - қызметтер) көрсетуге міндеттеме қабылдайды.
1.2. Шарттың сомасы __________ жылға __________ теңгені құрайды.
ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1703 Қаулысымен 1.3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1.3. Осы Шарттың 2.1., 2.5. және 4.2.-тармақтарына сәйкес шарт сомасы түзетілуге жатады.
2. Есеп айырысу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1703 Қаулысымен 2.1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2.1. Тапсырыс беруші Өнім берушіге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен тариф бойынша ақы төлейді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен нозологиялардың тізбесі бойынша және көрсетілген медициналық көмектің құны бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен тарифтен бірнеше есе асқан жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушіге нақты көрсетілген медициналық көмек үшін ақы төлеуді бюджеттік бағдарламалар әкімшісі айқындайтын тәртіппен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырады.
2.2. ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1703 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 2-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2.3. Ақы төлеу ай сайын, орындалған жұмыстар актісіне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі - ҚР ДСМ МФҚБК) аумақтық бөлімшелері жүргізген сапаны және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің (бұдан әрі - ҚР ДСМ МҚАТК) аумақтық бөлімшелері жүргізген көрсетілген медициналық көмектің көлемін бақылау нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 2-4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2.4. Осы Шарттың 2-қосымшасына сәйкес Өнім беруші ұсынылған өтінімі негізінде, осы Шарттың 3 және/немесе 4-қосымшаға (-ларына) сәйкес, жыл бөлінісінде (ай сайын) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде медициналық көмекті көрсетудің жоспарланатын көлемдері мен мерзімдерін көрсетіп, Шарттың жалпы сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде аванс беруге рұқсат етіледі.
Тараптардың жазбаша келісімі бойынша бұрын төленген аванс мерзімінен бұрын ұсталуы мүмкін. Ұсталатын аванстың сомасы орындалған жұмыстар актісінде көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1703 Қаулысымен 2.5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2.5. Ақы төлеу осы Шарттың 2.1-тармағын және медициналық көмектің сапасы мен көлеміне бақылау жүргізген жағдайда оның нәтижелерін ескере отырып, түзетуге (азайтуға/ұлғайтуға) жатады.
2.6. Сапаны бақылауды жүргізуге байланысты Осы Шарттың қолданысы кезінде ақы төлеуге ұсынылмаған, сондай-ақ Осы Шарт қолданылатын жылдың 1 желтоқсанынан бастап шот-тіркелімге енгізілмеген осы Шартқа сәйкес осы Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу күніне дейін ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету жағдайына ақы төлеу осы Шарттың қолданылу жылынан кейінгі жылы жүргізіледі.
3. Тараптардың міндеттері
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.12. № 1703 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ өзгертілді
3.1. Өнім беруші:
Қазақстан Республикасы азаматтарына және оралмандарға ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге;
Осы Шарттың 3 және (немесе) 4-қосымшасында (қосымшаларында) көрсетілген жыл бөлінісінде (ай бойынша) ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету көлеміне және мерзіміне сәйкес қызмет көрсетуге;
ТМККК көрсету шарттары, көлемі және тізбесі туралы ақпаратты азаматтарға ұсынуға;
Тапсырыс берушіге уәкілетті орган бекіткен тәртіпте және мерзімде шот-реестрларды ұсынуға;
Тапсырыс берушіге осы Шарттық орындалуын тексеру жүргізу үшін қажетті барлық медициналық және қаржылық құжаттарды ұсынуға;
іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне бақылау жүргізу үшін ҚР ДСМ МФҚБК АД және ҚР ДСМ МҚАТК АД қажетті құжаттаманы ұсынуға;
қызметі тоқтатыла тұрған кезде, таратылған кезде, бірігу, қосылу, бөлу немесе қайта құрылу, атауын, сондай-ақ қызмет түрінің және/немесе қызметтің кіші түрінің атауын өзгерту, төсек-орын қорын өзгерту, соның ішінде оны қысқарту және/немесе қайта бейімдеу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде өзгерген кезден бастап үш күн ішінде Тапсырыс берушіге көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, ақпарат беруге;
Тапсырыс берушіге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен тәртіппен және мерзімде шығыстардың құрылымын ұсынады;
сұраныс бойынша осы Шарттың шеңберінде жасалған үшінші жақтың барлық шарттарының көшірмелерін Тапсырыс берушіге ұсынуға;
қаражатты, оның ішінде аванс беру қаражатын мәлімделген бағыттар мен мерзімдерге сәйкес қатаң түрде жұмсауды жүзеге асыруға;
лизинг шарттарымен олардың мақсатына сәйкес медициналық техниканы алуға бағытталған қаражатты жұмсауды жүзеге асыруға;
медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арналған қаражатты олардың мақсатына сәйкес жұмсауды жүзеге асыруға;
денсаулық сақтау саласында уәкілетті орган бекіткен тәртіпте және мерзімде жекешелендірілген мәлімет базаларын құрастыруды қамтамасыз етуге;
бағдарламалық кешеннің жаңа нұсқаларын уақытында орнатуға (24 сағат ішінде) және енгізуді қамтамасыз етуге;
бағдарламалық кешенге төсек-орын қорын қысқарту және/немесе қайта бейімдеу бойынша барлық өзгертулерді енгізуге;
міндетті орындауға мүмкін еместігіне байланысты барлық жағдайлар мен олардың себептері туралы, соның ішінде Шарт сомасын түзетуді қажет ететін жағдайлар туралы жазбаша түрде Тапсырыс берушіге шұғыл түрде хабарлауға;
деректерді Емдеуге жатқызу бюросы порталына дұрыс және уақтылы енгізуге міндетті.
3.2. Тапсырыс беруші:
көрсетілген медициналық көмек үшін Әлеуетті жабдықтаушы шығындарын өтеуді уақтылы жүргізуге;
Өнім берушіні осы Шарттың шеңберінде оның жұмысын регламенттейтін қажетті нормативтік құжаттармен қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасында ТМККК көрсету мәселелері жөнінде халықты ақпараттандыруға бағытталған қажетті ұйымдастыру іс-шараларын өткізуге міндетті.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Өнім беруші:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа ТМККК көрсету бойынша жіберілген бұзушылық (медициналық қызметтер көлемі мен сапасының тиісінше көрсетілмеуі, ТМККК жататын қызметтер үшін Қазақстан Республикасы азаматтарынан және оралмандардан ақы алу, медициналық көмектің тиісті емес көлемін және сапасын көрсету) үшін;
заңнамада белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіден алынған қаражаттың мақсатты және уақтылы пайдаланбағаны үшін;
осы Шарттың 3.1. тармағын бұзғаны үшін;
жекешелендірілген мәлімет базаларына статистикалық картаның мәліметтерін сапасыз енгізгені үшін жауапты болады.