Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық Полимик (Polymic) (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 23 сәурдегі № 93 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармацевтикалық бақылау

комитеті Төрағасының

2008 жылғы 23 сәурдегі

№ 93 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Полимик
(Polymic)

 

Саудалық атауы  

Полимик

(Polymic )

 

Халықаралық  патенттелмеген атауы   

Жоқ

 

Дәрілік түрі        

Қабықпен қапталған таблеткалар. Офлоксацин 200 мг және Орнидазол 500мг

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: Офлоксацин 200 мг,  Орнидазола 500мг,

қосымша заттар: микрокристаллдық целлюлоза, натрий крахмалгликоляты, повидон К-30, магний стеараты, қызғылт-сары Опадрай  бояғышы.   

     

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, капсула тәрізді, қызғылт-сары түсті қабықпен қапталған бір жағында бөлгіш сызығы бар  таблеткалар.

 

Фармакотерапиялық тобы        

Біріктірілген микробтарға қарсы препараттар

АТЖ кодыJ01RA

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Офлоксацин асқазан-ішек жолдарынан толықтай дерлік сіңеді. Биожетімділігі 96-дан 100%-ға дейін. Ең жоғары концентрациясына 30-60 минут ішінде жетеді. Плазманың ақуыздарымен байланысуы 25%-ды құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі 6-7 сағатты құрайды. 90%-ға дейіні өзгермеген түрде несеппен шығарылады. Гематоэнцефалиялық және плацентарлы  бөгет арқылы  өтеді.     

Орнидазол ішу арқылы оңай және жылдам сіңеді. Биожетімділігі 90%-ды құрайды. Плазмадағы ең жоғары концентрациясына  3 сағаттан соң жетеді. Ақуыздарымен байланысуы шамамен 13%. Жұлын сұйықтығына, организмнің басқа сұйықтықтары мен тіндерге өтеді. Бауырда метаболизденеді, жартылай шығарылу кезеңі 13 сағатты құрайды.  Препараттың несеппен 63%-ға дейіні, нәжіспен-22%-ға дейіні шығарылады.

Фармакодинамикасы

Полимик - біріктірілген  препараттың әсері белсенді компоненттерге байланысты.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.