Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2006 жылғы 6 сәуірдегі
№ 54 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Полифитол-1
( Ро1урhytolum - 1 )
Саудалық атауы
Полифитол-1
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған тұнба.
Құрамы
1 мл тұнба құрамында
су-спирт сығындысы, мына қоспалардан алынған
ұсақталған бұрыш жалбызының жапырақтары 0,03 г;
құм салаубас гүлдері0,01 г;
ұсақталған шілтер жапырақты шайқурай шөбі0,01 г;
ұсақталған ащы жусан шөбі0,0001 г;
ұсақталған емен қабығы0,02 г;
ұсақталған түзу қазтабан тарам-тамырлары0,02 г;
ұсақталған аир тарам-тамыры0,01 г;
ұсақталған бақбақ тамыры0,01 г;
жүгері собығының шашақтары 0,01 г;
қосымша заттар: қант, 40% этил спирті.
Сипаттамасы
Мөлдір қызыл-қоңыр түсті жағымды хош иісті және ащылау дәмі бар сұйықтық. Сақтау барысында шөгінді пайда болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
өт айдайтын, спазмолитикалық, қабынуға қарсы дәрі.
АТЖ коды - А05С.
Фармакологиялық қасиеттері
Биологиялық белсенді заттар кіретін кешенді фитопрепарат құрамында бұрыш жалбызының жапырағы, ащы жусан шөбі, жүгері собығының шашақтары, емен қабығы, әдеттегі аир тарам-тамыры, шілтір жапырақты шайқурай гүлі, дәрілік бақбақ тамыры, түзу қазтабан тарам-тамырлары, шайқурай тамыры бар. Өт айдағыш, спазмолитикалық, қабынуға қарсы әсер көрсетеді, организмнен радиоактивті цезийді шығаруды күшейтеді.
Қолданылуы
- созылмалы холециститтерде
- холангиттерде
- өт жолдарының дискинезиясында
- гепатитте
- созылмалы гастритте