Денсаулық сақтау субъектілерінің есеп беру құжаттамаларының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 13 қазандағы № 521 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 742 Бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес және ведомстволық статистикалық бақылаулардың бағдарламаларын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау субъектілерінің есеп беру құжаттамаларының нысандары бекітілсін:
айлық кезеңділік:
1) жеке жұқпалы және паразиттік аурулар туралы есеп;
2) АИТВ жұқпасына иммуноферменттік талдау әдісі мен қанды зертханалық тексеру туралы есеп;
3) медицина ұйымдары бойынша вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттардың қозғалысы туралы есеп;
4) профилактикалық екпелер мен қамту туралы есеп;
5) өткізілген телемедициналық консультациялар мен видеоконференцбайланыс сеанстарының саны туралы есеп.
тоқсандық кезеңділік:
1) жыныстық жолмен берілетін жұқпалар туралы есеп;
2) анықталған диагнозбен ауруға алғаш рет шалдығумен тіркелген аурулардың саны туралы есеп;
3) стационарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарындағы төсек-орынды кеңейту туралы есеп;
4) медицина кадрларының қозғалысы туралы есеп;
5) психикалық және мінез-құлық бұзылуымен ауыратын науқастар контингенті туралы есеп;
6) психоактивті заттарды қолданудан туындайтын психикалық және мінез-құлық бұзушылығымен ауыратын науқастар туралы есеп:
7) тіркелген туберкулезбен ауыратын науқастар туралы есеп;
8) IV санаттағы туберкулезбен ауыратын науқастарды тіркеу есебі;
9) туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу нәтижелері туралы есеп;
10) көптеген дәріге тұрақтылықпен дәлелденген туберкулездің IV санатындағы туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу нәтижелері туралы есеп;
11) I және II санаттағы емнің қарқынды фазасын аяқтағаннан кейінгі қақырықтың конверсиясы туралы есеп;