«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 210-ІV Заңы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

 

ҚР 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 264-IV Заңымен күші жойылды

 

1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшері бекітілсін:

2010 жылға - 1 075 700 000 мың теңге;

2011 жылға - 1 171 000 000 мың теңге;

2012 жылға - 1 266 000 000 мың теңге.

2-бап. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2009 жылғы желтоқсанның 2-сі.

 

           № 210-ІV ҚРЗ