«2009 жылға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 11/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қазандағы № 18/7 шешімі
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/129-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/202-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 26 қазандағы 2514 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ: