«2009 жылға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 11/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 шілдедегі № 16/7 шешімі
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/129-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 14 шілдедегі № 14/179-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 22 шілдедегі 2509 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының «2009 жылға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 11/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 5-1-98 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 17 қаңтардағы «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) «2009 жылға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 11/4 өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 13/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 5-1-102 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 3 наурыздағы № 27-28 «Дидар», 2009 жылғы 5 наурыздағы № 31-32 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған), «2009 жылға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 11/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 15/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 5-1-108 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 14 мамырдағы № 68-69 «Дидар», 2009 жылғы 8 мамырдағы № 67-68 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгерістерімен келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2009 жылға арналған қала бюджеті 1 қосымшаға сай келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 14 530 961 мың теңге, соның ішінде:
салық түсімдері - 6 262 175 мың теңге;