Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 Қаулысы
(2021.26.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласында 2009 жылы 22 мамырда қол қойылған Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісім бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2010.14.05. № 417 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.09.11. № 1313 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.08.06. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 154 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.13.12. № 925 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 98 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көрсетілген Келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан оны орындау жөніндегі құзыретті органдар Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеу қызметі болып табылатынын хабарласын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |