«Қазақстан Республикасының делегациясын Нью-Йорк және Вашингтон қалаларына (Америка Құрама Штаттары) іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1847 Қаулысы

Қазақстан Республикасының делегациясын Нью-Йорк және Вашингтон қалаларына (Америка Құрама Штаттары) іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1847 Қаулысы

 

«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, Қазақстан-американ инвестициялық форумына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

Болат Бидахметұлы Жәмішевті және Қайрат Ермекұлы Омаровты қоспағанда, осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 22 - 26 қараша кезеңіне Нью-Йорк қаласына (Америка Құрама Штаттары);

Болат Бидахметұлы Жәмішев 2009 жылғы 22 - 24 қараша кезеңіне Нью-Йорк қаласына (Америка Құрама Штаттары);

Қайрат Ермекұлы Омаров 2009 жылғы 18 - 25 қараша кезеңіне Вашингтон қаласына (Америка Құрама Штаттары) және 2009 жылғы 22 - 25 қараша кезеңіне Нью-Йорк қаласына (Америка Құрама Штаттары) іссапарға жіберілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен:

Б.Б. Жәмішевті, Қ.Е. Омаровты қоспағанда, делегация мүшелеріне Астана - Майндағы Франкфурт - Нью-Йорк - Майндағы Франкфурт -Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға;

Б.Б. Жәмішевке Астана - Майндағы Франкфурт - Нью-Йорк - Амстердам - Минск бағыты бойынша көліктік шығыстарға;

Қ.Е. Омаровқа Алматы - Майндағы Франкфурт - Вашингтон - Нью-Йорк - Майндағы Франкфурт - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютада қаражат бөлсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 16 қарашадағы

№ 1847 қаулысына

қосымша

 

 

Нью-Йорк және Вашингтон қалаларына (Америка Құрама Штаттары) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы

 

Жәмішев

Болат Бидахметұлы

 

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, делегация басшысы

Ақышев

Данияр Талғатұлы

 

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары

Омаров

Қайрат Ермекұлы

 

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

Мағауов

Әсет Маратұлы

 

- Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі

Раев

Нұрбек Тұрарбекұлы

 

- Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі

Досанов

Ардақ Ермағамбетұлы

 

- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары

Қанапиянов

Мейрам Ілиясұлы

- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары