«Қазақстан Республикасы делегациясының іссапар шығыстарын өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 1974 Қаулысы

Қазақстан Республикасы делегациясының іссапар шығыстарын өтеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 1974 Қаулысы

 

«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен қонақ үйде тұруға жұмсаған шығындарын, тәуліктік және:

Аккредиттеу жөніндегі Еуропа кооперациясының Бас ассамблеясы мәжілісінің жұмысына қатысуына байланысты 2009 жылғы 25 - 30 мамыр кезеңіне Люксембург қаласына (Люксембург Ұлы Герцогтігі) іссапарға жіберілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті сәйкестікті бағалау және метрология басқармасының бастығы Ғалия-Бану Оңдасынқызы Мейірбаеваға Астана - Вена - Люксембург - Вена - Астана бағыты бойынша;

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөнінде Эквадор Республикасымен, Эль-Сальвадор Республикасымен екі жақты келіссөздер жүргізуге байланысты 2009 жылғы 4 - 8 мамыр кезеңіне Женева қаласына (Швейцария Конфедерациясы) іссапарға жіберілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Сейдахметқызы Айтжановаға Алматы - Майндағы Франкфурт - Женева - Майндағы Франкфурт - Алматы бағыты бойынша және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сыртқы сауда саясаты департаментінің директоры Жәнел Сабырқызы Күшіковаға Астана - Майндағы Франкфурт - Женева - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарын 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша өтесін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.