«Қазақстан Республикасының делегациясын Берн, Цюрих (Швейцария Конфедерациясы) және Прага (Чех Республикасы) қалаларына іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қарашадағы № 1946 Қаулысы

Қазақстан Республикасының делегациясын Берн, Цюрих (Швейцария Конфедерациясы) және
Прага (Чех Республикасы) қалаларына іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қарашадағы № 1946 Қаулысы

 

«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-швейцариялық үкіметаралық комиссияның алтыншы отырысының жұмысына, сондай-ақ қазақстандық-швейцариялық бизнес-форумға Қазақстан Республикасы делегациясының қатысуы мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының делегациясы:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрамда 2009 жылғы 29 қараша - 3 желтоқсан кезеңіне;

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес құрамда 2009 жылғы 30 қараша - 4 желтоқсан кезеңіне;

Аркен Кеңесбекұлы Арыстановты қоспағанда, осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес құрамда 2009 жылғы 1 - 4 желтоқсан кезеңіне;

А.К. Арыстанов 2009 жылғы 1 - 6 желтоқсан кезеңіне Берн және Цюрих қалаларына (Швейцария Конфедерациясы) іссапарға жіберілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен қонақ үйде тұруға, тәуліктік және:

1-қосымшаға сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне Астана - Стамбул - Мюнхен - Берн - Цюрих - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша;

2-қосымшаға сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне Астана - Вена - Цюрих - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша;

А.К. Арыстановты қоспағанда, 3-қосымшаға сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне Астана - Майндағы Франкфурт - Цюрих - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша;

А.К. Арыстановқа Астана - Майндағы Франкфурт - Цюрих - Прага - Майндағы Франкфурт - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютада қаражат бөлсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 28 қарашадағы

№ 1946 қаулысына

1-қосымша

 

 

Берн және Цюрих қалаларына (Швейцария Конфедерациясы) іссапарға жіберілетін

Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 28 қарашадағы

№ 1946 қаулысына

2-қосымша

 

 

Берн және Цюрих қалаларына (Швейцария Конфедерациясы) іссапарға жіберілетін

Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 28 қарашадағы

№ 1946 қаулысына

3-қосымша

 

 

Берн және Цюрих қалаларына (Швейцария Конфедерациясы) іссапарға жіберілетін

Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы