Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2006 жылғы 14 кыркүйектегі
№ 125 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нүсқаулық
5% Ацикловир жақпа майы
Саудалық атауы
5% ацикловир жақпа майы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ацикловир
Дәрілік түрі
5% 10г жақпа майы
Құрамы
100г жақпа майдың құрамында
белсенді зат - ацикловир 5,0 г,
қосымша заттар: тауық майы, полиэтиленоксид 400, эмульгатор №1, нипагин, параоксибензой қышқылының пропил эфиры, тазартылған су.
Сипаттамасы
Ақ немесе сарғыш түсті жақпа май
Фармакотерапевтикалық тобы
Тікелей әсері бар вирусқа қарсы дәрілік зат. Нуклеозидтер және нуклеотидтер.
АТЖ коды J05АВ01
Фармакологиялық қасиеттері
Ацикловир - ДНҚ-ның табиғи компоненті гуанинның циклды емес аналогы.
Вирус жұқтырған жасушаларының тимидинкиназа ферменті бірнеше реакциялар арқылы ацикловирды ацикловир үшфосфатқа айналдырады, ол ДНҚ-полимераза белсенділігін төмендетеді және вирустар ДНҚ-ның синтезінде бәсекелесіп деоксигуанозин үшфосфаттың орнын басады. Вирус Herpes simplex тип 1 және 2, вирус Varicella zoster, Эпштейн-Барр вирусына белсенді. Селективті әсері бар.
Ацикловир жақпа майы жергілікті қолданғанда қан айналымына сіңбейді және жүйелі әсер бермейді.
Колданылуы
- тері және шырышты қабаттардың вирустық ауруларында - ерін, жыныс мүшелерінің герпесінде (Herpes simplex)
- герпестік бөртпенің жаңа элементтерінің пайда болуын алдын алу үшін
- белдеулік теміреткінінің алдын алу үшін.
- иммундық жүйенің бұзылулары орын алған вирустық ауруларды алдын алу үшін.