Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық Апилак сыртқа қолдануға арналған жақпа май (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 18 маусымдағы № 101 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармация комитеті Төрағасының

2007 жылғы 18 маусымдағы

№ 101 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Апилак сыртқа қолдануға арналған жақпа май

 

Саудалық атауы

Апилак

сыртқа қолдануға арналған жақпа май

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға аналған жақпа май

 

Құрамы

1 г жақпа майдың құрамында

белсенді зат - араның лиофилизирленген аналық сүті 10 г

қосымша заттар: вазелин, цетил спирті, глицерин, қатты парафин, натрий цетилстеарилсульфаты, корица спирті, метил парагидроксибензоат пен тазартылған су.

 

Сипаттамасы

Корица спиртінің (гиацинттің) өзіне тән исі бар ақ немесе аздап сарғыш реңі бар ақ түсті жақпа май.

 

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған басқадай препараттар.

АТЖ коды D11AX

 

Фармакологиялық қасиеттері

Апилак немесе араның лиофилизирленген аналық сүті жұмысшы аралардың аллотрофиялық бездері өндіретін сөлініс болып табылады.

Сыртқа қолданғанда препрат жасушалық метаболизм мен регенерациялық үдерістерді жақсартады, тіндердің трофикасын да жақсартады.

 

Қолданылуы

- себореяда

- себореялық және микробтық экземада

- нейродермитте

- тері қышымасында

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.