Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Андрокур Депо (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 30 қазандағы № 153 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармация комитеті Төрағасының

2006 жылғы 30 қазандағы

№ 153 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
АндрокурÒ Депо

 

Саудалық атауы

АндрокурÒ Депо  

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ципротерон

 

   Дәрінің түрі

Бұлшық ет инъециясына арналған майлы ерітінді 300 мг/3 мл-ге

 

Құрамы

3 мл ерітіндің құрамындағы заттар:

Белсенді компоненттері:

Ципротерон ацетаты              300 мг

Қосалқы заттар:

Майсана майы, бензилбензоат.

 

Сипаттамасы 

Мөлдір, сарғыштан қоңыр-сарғыш түске дейінгі, бөлшектерден ада ерітінді.

 

Фармакотерапевтикалық тобы

Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторы. Андрогендерге қарсы препарат.

АТЖ коды  G03HA01

 

Фармакологиялық қасиеттері ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Фармакокинетикасы

Бұлшық етке енгізгеннен кейін ципротерон ацетаты баяу және толық босап шығады. Ципротерон ацетаты іс жүзінде абсолютті толық биотиімділік береді.

Қан плазмасындағы 180±54 нг/мл-ге тең барынша жоғары шоғырлануына 2-3 күннен кейін жетеді. Препаратты қолданғаннан кейін шамамен 5 апта өткен соң емдеуге тең шоғырлану денгейіне қол жетеді. Ципротерон ацетаты қан сарысуының ақуыздарымен толық түрде байланысыады. Препараттың жалпы деңгейінің  3,5-4% жуығы байланыспаған күйде болады. 

Бұлардың ақуыздармен байланысуы  арнайы болмағандықтан,  ГБЖС (глобулиндерді   байланыстыратын жыныстық стероидтар) ципротерон ацетатының фармакокинетикасына әсер етпейді

Ципротерон ацетатының метаболизмі әртүрлі жолдармен жүреді, ол гидроксильдену және конъюгирлеу жолдарымен жүруі мүмкін.    Плазмадағы негізгі метаболиті болып 15β-гидроксильді өнімі саналады.

Метаболизмнің  1 сатысы цитохрома P450 жүйесінің CYP 3A4 ферментінің қатысуымен жүреді.

Препараттың  азғана көлемі  өзгермеген күйде өт арқылы шығарылады. Метаболиттердің негізгі бөлігі несеп және нәжіс арқылы шығарылады, тиісінше.

Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 4±1,1 күн құрайды.

Ципротерон ацетатының қан сарысуынан шығардағы көлемі 2,8+1,4 мл/мин/кг болады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.