«Қостанай қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 142 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы № 251 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 142 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-1-114, 2008 жылғы 30 желтоқсандағы «Қостанай» газетінде жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2009 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) Кірістер 15339364 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер 9531224 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 48351 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 758000 мың теңге;
трансферттер түсімдері 5001789 мың теңге;
2) шығыстар 15424391,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелеу -11875 мың теңге, оның ішінде бюджеттік несиелерді өтеу -11875 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 42828 мың теңге, оның ішінде;
қаржы активтерін сатып алу 42828 мың теңге;
5) тапшылық - 115980,2 мың теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру 115980,2 мың теңге.».
Аталған шешімнің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Қостанай қаласының 2009 жылға арналған бюджетінде ағымдағы нысаналы трансферттер және облыстық бюджеттен даму трансферттері ескерілсін, соның ішінде:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 17626 мың теңге сомасында, соның ішінде химия кабинеттерін оқу жабдықтарымен жабдықтауға 15273 мың теңге сомасында, компьютерлік сыныптарды сатып алуға 2353 мың теңге сомасында;