«Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру Қағидасы туралы» № 9/78-4с шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 25/246-4с Шешімі (күші жойылды)

Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру Қағидасы туралы» № 9/78-4с шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 25/246-4с Шешімі

 

Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 17 мамырдағы № 7/53-5с Шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарына сәйкес Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру Қағидасы туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 9/78-4с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 14-1-77 нөмерімен тіркелген, «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінде 2008 жылдың 1 тамызында және 2008 жылдың 8 тамызында жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған шешімнің кіріспесіндегі «жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;

аталған шешіммен бекітілген Шымкент қаласының аумағын абаттандыру Қағидасында:

1 тармақтағы «жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;

2 тармақтың 10 тармақшасы келесідей мазмұндалсын:

«10) Маңайдағы аймақ - заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі, пайдалануындағы жер учаскесінің шекарасына тұтасатын аймақ, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар болмаған жағдайда, жеке меншіктегі, жалға алынған ғимараттың, құрылыс алаңы қоршауының, сауда нысандарының, жарнама немесе басқа нысандардың шекарасына тұтасатын, көршілес жер иеленуші, пайдаланушы жерінің шекарасына дейінгі, ол болмаған жағдайда, объект айналасындағы 10 метрге дейінгі аймақ»;

5 тармақтағы «бермеуге міндетті» деген сөздер «бермеуі қажет» деген сөздермен өзгертілсін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.