Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Амприлан (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі фармацивтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 3 қазандағы № 242 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

фармацивтикалық бақылау

комитеті Төрағасының

2008 жылғы 3 қазандағы

№ 242 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Амприлан

 

Саудалық атауы

Амприлан

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Рамиприл

 

Дәрілік түрі

1,25, 2,5, 5 немесе 10 мг таблеткалар

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат- рамиприл 1,25 мг, 2,5 мг, 5 мг немесе 10 мг,

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы,  желатинденген крахмал, натрий стеарил фумараты, сары темір тотығы (Е 172), қызыл темір тотығы (Е 172).

 

Сипаттамасы

1,25 мг және 10 мг таблеткалар: сопақша, жайпақ, ақ немесе ақшыл түсті, бөлу сызығы бар таблеткалар.

2,5 мг таблеткалар: сопақша, жайпақ ашық сары түсті, бөлу сызығы бар таблеткалар.

5 мг таблеткалар: сопақша, жайпақ, қызғылт түсті, бөлу сызығы және көрінетін дақтары бар таблеткалар.

 

Фармакотерапевтикалық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін препараттар. Ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) тежегіштері.

АТЖ коды  C09AA05

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Рамиприлді ішкеннен кейін оның 50-60 % асқазан-ішек жолдарынан тез сіңеді. Қан сарысуында жоғары концентрациясына 1 сағаттан соң жетеді. Рамиприл бауырда белсенді метаболит - рамиприлат түзе отырып метаболизденеді, оның белсенділігі рамиприл мен соңына қарай глюкуронизирленетін белсенді емес метаболит - дикетопиперазинге қарағанда 6 есе жоғары. Қан сарысуында рамиприлаттың деңгейі жоғары концентрациясына препаратты қабылдағаннан 2-4 сағаттан кейін жетеді, тепе-теңдік концентрациясына - препаратты қабылдаудың 4 күні жетеді.

Шамамен рамиприлдің 73% және рамиприлаттың 56% қансарысуы ақуыздарымен байланысады.

Рамиприл және рамиприлат организмнен несеп арқылы (шамамен 60%), негізінен, метаболиттер түрінде, ал 2% аз мөлшері өзгермеген күйде шығарылады.

Рамиприлдің шығарылуы бірнеше кезеңнен тұрады. Препараттың емдік дозасын тағайындағаннан соң рамиприлаттың жартылай шығарылу кезеңі  13-17 сағатты құрайды, ал рамиприл үшін - 5,1 сағат.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.