Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық Амоксиклав QT/Amoksiklav( QT (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 26 мамырдағы № 118 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармация комитеті Төрағасының

2008 жылғы 26 мамырдағы

№ 118 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
АмоксиклавÒ QT/AmoksiklavÒ QT

 

Саудалық атауы

АмоксиклавÒ QT

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Еритін 625 мг-лік және 1000 мг-лік таблеткалар

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

-          574 мг немесе 1004,5 мг амоксициллин тригидраты, ол 500 мг немесе 1000 мг амоксициллинге сәйкес келеді.

-          148,87 мг калий клавулонаты, ол  125 мг клавулон қышқылына сәйкес келеді.

қосымша заттар:

тропикалық жемістердің хош иістендіргіш заты, тәтті апельсин хош иістендіргіш заты, аспартам, коллоидты сусыз кремний, темірдің сары тотығы, Е 172б тальк, гидрогенизирленген майсана майы, микрокристалды целлюлоза (кремниймен).

 

Сипаттамасы

Сарғыш-қоңырлау түсті, сегіз бұрышты, тропикалық жемістердің хош иісі бар таблеткалар

 

Фармакотерапиялық тобы

Микробтарға  қарсы  жүйелік  қолдануға арналған препараттар. Амоксициллин  бета-лактамаза  тежегіштерімен  біріктірілген.

АТЖ коды  J01CR02

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Амоксициллиннің және клавулон қышқылының негізгі фармакокинетикалық қасиеттері ұқсас. Амоксициллин мен клавулон қышқылының бірігуі жекелей компоненттердің фармакокинетикасын өзгертпейді.

Ішке қабылдаған кезде екі компонент те жақсы сіңеді; ас препараттың сіңу дәрежесіне ықпал етпейді. Ең жоғары сарысулық қанығу деңгейіне оны қабылдағаннан кейін бір сағаттан соң жетеді.

Амокциллиннің  шамамен  17-20%-ы  және  клавулон  қышқылының   22-30%-ы плазма ақуыздарымен байланысады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.