ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.15.04. № ҚР ДСМ-38 бұйрығымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Денсаулық сақтау министірінің
міндетін атқарушы
2009 жылғы 6 қарашадағы
№ 666 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрығымен күші жойылды
Қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю
қағидалары
(2019.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қанды және оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) қанды және оның компоненттері мен препараттарын сақтаудың, құюдың негізгі қағидаттарын, сондай-ақ трансфузиялық көмекті ұйымдастыру, қанды және оның компоненттері мен препараттарын құю көрсетілімдері және медициналық ұйымдарда (бұдан әрі - МҰ) трансфузияны сүйемелдеудегі зертханалық зерттеулерді өткізу ұсынымдарын айқындайды.
2. Құю пациент тамырына донорлық қанның компоненттерін және (немесе) препараттарын енгізу деп ұғынылады.
3. Транфузиялық көмектің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары:
1) қанды және оның компоненттері мен препараттарын қауіпсіз және тиісті пайдалануға ықпал ететін саясат;
2) қанды және оның компоненттері мен препараттарын пайдалану мониторингі және бағалау;
3) барынша жеделдігін, қанды және оның компоненттерін және қан препараттарын қолданудың қауіпсіздігі мен негізділігін балама емдеуді жүргізудің қолда бар мүмкіндіктерін есепке ала отырып, қамтамасыз ету;
4) қанды және оның компоненттері мен препараттарын пациент қанының зертханалық көрсеткіштері мен клиникалық деректері негізінде құю;
5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес иммуногематологиялық зертетулер жүргізу;
6) трансфузиялық терапияны жүргізуге қатысатын қызметкерлерді үздіксіз оқыту болып табылады.
4. МҰ-да қанды және оның компоненттері мен препараттарын құю қажеттілігін төмендету және мыналарды қамтитын міндетті емес құюларды азайту қамтамасыз етіледі: