(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 13 МАМЫРДАҒЫ № 454 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 454 Қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 13 мамырдағы

№ 454 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

 

1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы алып өту кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру ережесінде:

3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

«Уәкілетті орган осы Ережеде көзделген бақылаудағы жүктердің импортына/экспортына қажетті құжаттарды құрайтын бірыңғай рұқсатты, сондай-ақ қажет болған кезде өсімдіктердің карантині саласындағы заңнамада белгіленген карантиндегі өнімнің импортына/экспортына рұқсат құжаттарын береді.»;

7-тармақта:

«15» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Ветеринариялық сертификат, ветеринариялық куәлік және уәкілетті органның импортқа рұқсаты бірыңғай рұқсаттың құрамында беріледі.»;

17-тармақта:

«15» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.