Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 2071 Қаулысы
(2017.30.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 552 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2015.25.12. № 1063 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 48-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентінде:
Техникалық регламентке 1-қосымшада:
«Сертификаттау схемаларын қолдану» деген бөлімнің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер ұсынылған құжаттар бойынша өнім қауіпсіздігін анықтау мүмкін болса, 9-схеманы жеке қажеттілік үшін өнімнің шағын көлемді партиясын, өндірісті немесе, өндірістік және өзге объектілерді жарақтандыруға арналған нысаналы мақсатпен сатып алынатын бірлі-жарым бұйымды (бұйымдар жиынтығын) сертификаттаған жағдайда импортталатын өнімдер үшін қолдану ұсынылады.»;
3) ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 29 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының 1-тармағының алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 3) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.