«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219-ІV Заңы (2010.06.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

 

ҚР 2010.06.10. № 342-IV Заңымен 28-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

28-бап. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі шығыстарының құрамында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдауға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын тәртіппен:

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкаларын - 5 000 000 мың теңгеге;

ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін - 42 609 мың теңгеге субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға 5 042 609 мың теңге көзделсін.

 

ҚР 2010.06.10. № 342-IV Заңымен 29-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

29-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне:

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға - 10 766 883 мың теңге сомасында;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға 38 632 757 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.

Нысаналы даму трансферттерінің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

30-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптарға сәйкес сыйақының нөлдік ставкасы бойынша кредит беруге 17 500 000 мың теңге көзделсін.

 

ҚР 2010.29.03. № 259-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР 2010.06.10. № 342-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді

31-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылға арналған резерві 44 379 364 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

ҚР 2010.29.03. № 259-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР 2010.06.10. № 342-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертілді

32-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақыларын төлеуге 1 804 675 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.

 

ҚР 2010.29.03. № 259-IV Заңымен 33-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

33-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте «Тұрғынүйқұрылысбанкі» жабық акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңілдікті тұрғын үй кредиттері қарыз алушыларының 2009 жылғы төлемдері бойынша бағамдық айырманы төлеуге 12 601 мың теңге көзделсін.

 

ҚР 2010.06.10. № 342-IV Заңымен 34-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

34-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі шығындарының құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 5 888 474 мың теңге сомасында, оның ішінде республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 5 202 092 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, қаражат көзделгені ескерілсін.

 

35-бап. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған қарыз алушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінің негізінде «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамының балансына бұрын берілген кредиттер жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатылады деп белгіленсін.

 

36-бап. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі мен берешек көлемдері бойынша, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің талаптары тоқтатылады деп белгіленсін.

 

37-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 1 887 592 мың теңге көзделсін.

 

ҚР 2010.29.03. № 259-IV Заңымен 38-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

38-бап. 2010 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 85 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

 

ҚР 2010.29.03. № 259-IV Заңымен 39-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

39-бап. 2010 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 2 365 700 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

 

ҚР 2010.29.03. № 259-IV Заңымен 40-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

40-бап. 2010 жылы мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 50 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

 

41-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2010 жылы қолданылмайды деп белгіленсін.

 

42-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2010 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде 6-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.

 

43-бап. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2009 жылғы желтоқсанның 7-сі.

                 № 219-ІV ҚРЗ

 

ҚР 2010.29.03. № 259-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР 2010.06.10. № 342-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда

«2010 - 2012 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының

2009 жылғы 7 желтоқсандағы

№ 219-ІV Заңына

1-ҚОСЫМША

 

 

2010 жылға арналған республикалық бюджет