Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-1
Заңы
(2009.07.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар) 2-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің (7 - 10 баптар)құқықтық жағдайы
3-тарау. Мемлекеттік қызметке кіру (11 - 14 баптар) 4-тарау. Мемлекеттік қызмет өткеру (15 - 20 баптар)және қызметтік мансап
5-тарау. Мемлекеттік қызметшілерді (21 - 25 баптар)қамсыздандыру
6-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің (26 - 27 баптар)мемлекеттік қызметті тоқтатуы
7-тарау. Мемлекеттік қызмет туралы (28 - 29 баптар)заңдарды бұзу үшін жауаптылық
8-тарау. Қорытынды ережелер (30 бап)2005.08.07 № 75-III ҚР Заңымен 1- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi - мемлекеттік саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттік органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшi;
мемлекеттік лауазым - мемлекеттік органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі;