Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Винпоцетин (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 8 қазандағы № 247 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармация комитеті Төрағасының

2008 жылғы 8 қазандағы

№ 247 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Винпоцетин

 

Саудалық атауы

Винпоцетин

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Винпоцетин

 

Дәрілік түрі

5 мг таблеткалар

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат-5 мг винпоцетин;

қосымша заттар: - картоп крахмалы, сүт қанты, микрокристалдық целлюлоза , магний стеараты немесе кальций стеараты, тальк, төмен молекулярлы поливинилпирролидон .

 

Сипаттамасы

Жайпақ цилиндр тәрізді, сайы бар ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті таблеткалар

 

Фармакотерапиялық тобы

Психокөтермелегіш дәрілер мен ноотроптар.

АТЖ коды  N06BX18

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қабылдаудан кейін асқазан-ішек жолында жылдам сіңеді. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына (Cmax) 10 мг дозаны (2 таблетканы) қабылдағаннан кейін 0,97±0,21 сағатта жетеді және 36,17±11,17 нг/мл құрайды. Препараттың плазмадағы емдік тиімді концентрациялары 36,17±11,17 нг/мл. құрайды. Биожетімділігі 70% құрайды, тамақтану винпоцетиннің биожетімділігін жоғарылатады. Препаратты көп рет қолданғанда оның фармакокинетикасы өзгермейді. Препараттың организмде жиналып қалуы байқалмаған.

Қан плазмасы ақуыздарымен 66% байланысады. Органдар мен тіндерге тарайды. Таралу көлемі (Vd) 3-8 л/кг құрайды. Плаценталық бөгет арқылы өтеді және омырау сүтімен бөлініп шығады. Негізгісі біршама фармакологиялық белсенділігі бар аповинкамин қышқылы болып табылатын бірнеше метаболиттерді, сондай-ақ белсенді емес метаболиттер -  гидрокси-винпоцетинді, гидрокси-аповинкамин қышқылын, дигидрокси-випоцетин-глицинатты түзе отырып бауырда метаболизденеді.

Винпоцетиннің жартылай шығарылу кезеңі (T½) 4,8 сағатты құрайды. Метаболиттер түрінде несеппен, болымсыз (1% аз) мөлшерде өзгермеген күйінде шығарылады.

    Фармакодинамикасы

Винпоцетин ми қан айналымын, жүйке жүйесінде зат алмасуын және қанның реологиялық қасиеттерін жақсартатын дәрілер тобына жатады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.