Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2007 жылғы 6 тамыздағы
№ 137 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Верогалид ЕР 240
Верогалид ЕР 240
Халықаралық патенттелмеген атауы
Верапамил
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған баяу босап шығатын 240 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 240 мг верапамил гидрохлориді бар,
қосымша заттар: натрий альгинаты, микрокристалды целлюлоза, повидон, магний стеараты, Clarum opadry VS-1-70066 Flavum opadry VS-5-12577.
Қабықпен қапталған бөлу сызығы бар бір жағында 73/00 таңбасы және екінші жағында > < символы ойылып жазылған сопақша түрдегі піл сүйегі түстес таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Кальций өзекшелерінің селективтік бөгегіштері, кардиальдық әсер етеді. Фенилалкаламин туындылары.
АТЖ коды C08DA01
Фармакологиялық қасиеттері
Ішу арқылы қабылдаған кезде Верогалид ЕР 240 мг препаратының 90% жуығы асқазан-ішек жолында сіңеді, дегенмен препараттың биожетімділігі жоғары емес және бауырдан бірінші өту кезіндегі метаболизмінің қарқындылығына байланысты шамамен 20% - 35% құрайды. Қан ақуыздарымен байланысуы - 90%. Барынша жоғары концентрациясы 80-400 нг/мл құрайды. Плазмадағы барынша жоғары концентрациясына жету уақыты ұзартылған түрлерін ішу арқылы қабылдағанда 4-7 сағат құрайды. Ұзартылған түрлерінің жартылай шығарылу кезеңі - 11 сағат құрайды.
Препарат плаценталық бөгеттен өтеді. Ана сүтімен бөлініп шығады. Препарат N-дезалкилирлену және O-деметилдену жолымен бірнеше метаболит түзе отырып, бауырда метаболизденеді, плазмада 12 метаболиті табылған. Препарат пен оның метаболиттерінің жинақталуы курстық емдеу кезінде оның әсерінің күшейтетіндігімен түсіндіріледі. Едәуір мәнді метаболит норверапамил фармакологиялық тұрғыда белсенді. Верогалид ЕР 240 мг негізінен бүйрекпен және 25% өтпен шығарылады.
Верогалид ЕР 240 мг препаратына төзімділіктің дамуы байқалмаған.
Фармакодинамикасы