Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық Белсенділігі жойылған гонококктың сұйық вакцина (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармация комитеті Төрағасының

2006 жылғы 18 қаңтардағы

№ 4 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Белсенділігі жойылған гонококктың сұйық вакцина

 

Саудалық атауы

Белсенділігі жойылған гонококтың сұйық вакцина

Халықаралық  патенттелмеген атауы

Гонококктың вакцина

Дәрінің түрі

Бұлшық етке енгізуге арналған суспензия 1 мл-ден ампулада

Құрамы

Препарат -  натрий хлоридінін  0,9% ерітіндісіндегі гонококтардың белсенділігі жойылған жүзгіні. 1 мл-дегі микробтық денелердің концентрациясы, ылайлаудың стандартты үлгісінің 10 бірлігіне сәйкес келеді. Қанықпада консервант ретінде 0,25% фенол бар.

Сипаттамасы

Вакцина - сілкіп шайқағанда оңай жойылатынсарғыш - бозғылт  түсті жүзгін түрінде тұнбасы бар.

Фармакотерапевтикалық тобы

Басқа бактериялық вакциналар.

АТЖ коды

J07АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Организмнің өзіне тән реактивтілігін көтереді.

Қолданылуы

Диагностика (создансауығуды анықтау), 3 жастан бастап гонореялық инфекцияны емдеудің қосалқы тәсілі. Гонококк вакцинасын науқастарға сәтсіз антибиотикотерапиядан кейін сылбыр түрде өтетін қайталауларда, тың пайда болған және созылмалы түрлерінде, асқынған гонореямен ауыратын еркектерге және жоғары жаққа таралатын созбен ауыратын әйелдерге (жіті қабыну құбылыстары басылғанда), гинекологиялық практикада қабыну процестерін емдегенде қолданады.

Қолдану  тәсілдері және дозасы

Вакцинаны бұлшық етке бөксенің жоғарғы - сыртқы шаршысына енгізеді, инъекция  орнын инъекция алдында  және одан кейін 70% - дық спиртпен өңдейді.

Ампуланеың тұтастығы немесе таңбалануы бұзылғанда, зикалық қасиеттері өзгергенде (түсінің өзгеруі, сілкіп шайқағанда араласпайтын түнбасының болуы), бөгде қосындылар болғанда, сақтау шарттарын орындамағанда, препарат қолдануға жарамсыз. Препаратты шприцке сорып алмастан бұрын, вакцинасы бар ампуланы біртекті жүзгін алу үшін сілкіп шайқау керек. Ашылған ампула сақтауға жарамайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.