Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 2066 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің жобасы мақұлдансын.
2. Қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат беріле отырып, Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |