«Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2128 Қаулысы

Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2128 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің жобасы мақұлдансын.

2. Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің жобасына қол қойылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов