Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы
Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-ІІІ шешімі
(2009.26.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 06 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Астана қаласы мәслихатының 2009.28.05. № 226/35-IV Шешімімен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 3, 300-баптарын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты шешті:
1. Қоса беріліп отырған «Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары» бекітілсін.
2. Осы шешім «Астана хабары» және «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
2004 жылғы 30 наурыздағы
№ 29/6-III шешімімен бекітілді
Астана қаласындағы жасыл желектердi
күтіп-баптау және қорғау
Ережелерi
Астана қаласы мәслихатының 2009.26.08. № 243/37-IV Шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өңделген және меншік түрлеріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалармен Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау ен қорғау тәртібін белгілейді.