Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Гастрокинд Gastrokind® (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 24 шілдедегі № 245 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармацевтикалық бақылау

комитеті Төрағасының

2009 жылғы 24 шілдедегі

№ 245 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Гастрокинд
Gastrokind®

 

Саудалық атауы

Гастрокинд

Gastrokind®

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Гомеопатиялық таблеткалар

 

Құрамы

Бір таблетканың (100 мг) құрамында

белсенді заттар:  Arsenicum album D620,00 мг

Croton tiglium D620,00 мг

Okoubaka D420,00 мг

                                        Veratrum album D12  20,00 мг,

қосымша заттар: микрокристалды  целлюлоза, тальк, магний стеараты.

 

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр түріндегі ойығы бар ақ түсті таблеткалар.

 

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ ауруларын және зат алмасуының бұзылуын емдеуге арналған әртүрлі басқадай препараттар.

АТЖ коды  A16AX

 

Фармакологиялық қасиеттері

Гастрокинд емшек еметін сәбилердің тамақтану түрін өзгерткеннен болатын бұзылуларды емдеуде жақсы қырынан танылған гомеопатиялық біріктірілген препарат. Препарат сондай-ақ кішкентай балалардағы асқазан-ішек жолдарының бұзылуында тиімді. Препараттың белсенді ингредиенттері іш кебуі, іш қатуы, құсу, іш  ауыры, жүрек айнуы, құсу және іш өтуі сияқты аурудың белгілерінде тиімді.

 

Қолданылуы

Емшек еметін сәбилердің және кіші жастағы балалардың тамақтану түрін өзгерткеннен болатын асқазан-ішек жолдарының бұзылуын (жүрек айнуы, құсу, іш өту, іш ауыруы және/немесе іш қатуы  пайда болғандарды) емдеу үшін қолданылады

- жасанды немесе аралас тамақтандыруға ауысқанда

- алыс сапарға шыққанда тамақтану құрамы өзгергенде

- балалардың ұйымдастырған ұжымында тамақтандыруға көшкенде.   

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Басқа көрсетілімдер болмағанда  Гастрокинді былайша қолданады:

0-ден  1 жасқа  дейінгі балаларға:

жедел белгілерде әр сағат сайын 1 таблеткадан, күніне 6 таблеткадан асырмай; белгілері әлсірегеннен кейін  күніне 1 таблеткадан 4 рет.

1 жастан  6 жасқа дейінгі балаларға:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.