Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 7 «Рейтингтік бағалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдарымен танылатын, рейтингтік агенттіктердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының
2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 04.2-44/187 Бұйрығы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 Қаулысымен күші жойылды
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 7 «Рейтингтік бағалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдарымен танылатын, рейтингтік агенттіктердің тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4411 тіркелген) бұйрығына келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
3) тармақшадағы «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;